Абылай ханның ер ханбастың

Абылай Ханның Ер Ханбастың бағалауы

Жалау бүтін жау алды.
Жағаласқан жау келсе,
От көргендей тоқтаған!
Байрағыма бағындырған,
Басымдағы “Жалғызым!”
Бесікке атын тұмарлаған,
Батырлығы бес қабат
Беті қайтпаған Жоңғардан.
Анадан туылды дегенге,
Аузың қорқады Əруақтан,
Қанайұлы Ер Ханбас!

Абылай Хан бірде: “Жалғызымның қаһары мен айбаты Қанжығалы Бөгенбайдан жеті қарыс жоғары, Қабанбайдан үш қарыс жоғары, ал үшеуін атойлатып жауға салсам, менің иманым қырық қарыс жоғарылап тұра ма?- деп Алланың қаһарынан қорқамын!”- деп, ешқашан да Ханбас Батыр, Бөгенбай Батыр мен Қабанбай Батырдың бастарын бірге қосып жауға салмаған екен. Оның себебі бірінің əруағы біріне дем бергенде батырлар аяушылықты ұмытып, есепсіз қан-төгіс болса керек. Ал жанындағы қолдаушы сарбаздары мен соңындағы қалың əскерлері де əруақтанып, осындай кейіпке қалай енгендерін де сезбей қалады екен. Хан Абылайдың шошынғаны, осындай тұстарын ойлап тəубасына келіп, бұл қолбасшыларды жауға бөлек салған екен.
Түсіндірме: халқымызға жаулық ниетте болған қос империя мен тексіз Қоқан хандығының кесапаттық əрекеттерінің арқасында көптеген тарихи шежірелеріміз бұрмаланып жойылып, Ұлы тұлғаларымыздың аттарын да олардың ұрпақтарының жадынан, санасынан өшіруге тырысқан. Совет үкіметі билікке келген соң, ұлттарды жойып, аты, идеологиясы советтік, мазмұны мен салт-дəстүрі, тілі, ділі орыстық жаңа ұлт жасау жолында Сталиндік ССРО орыстардан бастап барлық ұлттардың тарихын, əліппесін(алфавитін), тілдік ереже, салт-дəстүрлерін де өзгертіп жіберді. Əсіресе, ең қиянатты аса көп көрген тарих, ол Қазақ халқының, Қазақ мемлекетінің тарихы болды.
Жаңа империяның басшыларын, түп-тамырын сонау даңқты Сақтар дəуірінен алған, адамзат тарихына Ұлы тұлғаларды берген, жаңа жыл санау, жаңа эрадан бері ғана, арғы жағын айтпағанда ғаламдық Ұлы тұлғалар: Елтеріс Қаһан, Күлтегін Тоны Көк Қаһан, Еділ(Атилла) патша, Қарахан патша, Шыңғыс Қаһан, Құбылай мен Құлағу, Батый мен Əз Жəнібек Хан, Бейбарыс пен Əмір Темір Көреген, Айқарақ Керей Хан, Берке Науан Тəуекел Хан, Абылай Хандарды берген ұлттың Ұлы тарихы оларды күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырды. Сталиндік советтік жүйе бүкіл Ұлы Даланы Алтай мен Атырау арасына “ғылыми зерттеу”- деген сылтаумен, сойқан саясатты жүзеге асырған “қарақшы экспедицияларды” қаптатты. Олар Тектілердің мазарларын, кесенелерін қиратып, құлпытастарына дейін қазып алып кетеді. Бұл сұм саясат ұлттың бетке шығар қаймақтарын жаппай жоюмен қатар жүреді. Бір ғана оңтүстікте болған сұмдық, 1930 жылдары Түркістан шаһарында күмбезі алтыннан, жоғарғы етегіне адам шықса бесікше тербеліп, өздігінен азан шақырып тұратын, ғажайып ортағасырлық өнер туындысы “Алтын мешітті”, ескі қалалардың орындары мен жер асты жолдарын, ескі “Стандарды” да оқ-дəрі қойып, жарып жібереді.
Түркістандағы Əзірет Сұлтан кесенесінде жаруға дайындап, жеті асыл металдан жасалған “Тай қазан” мен шырағдандарын жəне көптеген құлпытастарды, ұлттық тарихи жəдігерлерді, батырларымыздың сауыт-сайман, қару-жарақтарын сыпыра жинап, вагондарға тиеп Мəскеу мен Петербургке алып кетеді. Алланың құдіретімен, əруақтардың құдіретімен ғана бұл сойқан жоспар іске аспай, орталықтың телеграммасымен тоқтатылады.
Ұлы тұлғалардың өсиеттерін, олардың аттарын айтуға тыйым салады. Сондай Ұлы тұлғалардың бірі, империялық өкіметтер аттарын айтуға да қорыққан халқымыздың Тектілерінің бірнешеуін ғана келтіре кетейік. Олар: Ескендір Намаз Мұңшы, Жасболұлы Шалқы Би жəне хас батырлардың бірі Құланқайыр Қанайұлы Ханбас.
“Шолақ белсенділер”- бұлар биліктің ең жоғарғы сатысынан төменге дейінгі қызметтік дəрежелердің бəріне ие болды. Нағыз Зиялы да, аса білімді Лондонда, Варшава, Петербург пен Мəскеуден басқа Ресейдің орталық қалаларында білім алған Ұлттың бар қаймағы жоспарлы түрде жойылғаннан кейін, Қазақ өкіметінде ғана емес, өмірдің бар саласында да “шолақ белсенділердің” мерейі үстем болып, “бақтары жанды”. Бұлар Қазақтың тарихы мен мұрағаттарын, насияттары мен кітаптарын, салт-дəстүрлері мен рəсімдерін, мешіттері мен тарихи ескерткіштерді, Ұлы Бабаларға орнатылған архитектураның інжу-маржандары саналатын сағаналарды, атадан балаға мұра болып келе жатқан Ұлттық батырлар мен билердің, хандардың киімдерін, сауыт-саймандарын, қару-жарақтары мен ат əбзелдерін тəркілеп(конфискалап) жойып жіберді. Батырлар жырлары мен эпостарды, Ұлы жыраулар мен ақындардың да жырларын өңін айналдырып мүлдем өзгертіп жіберген. Саясатқа негіздеп Қазақтарды орыспен, Қытаймен, Иранмен соғыстарын бұрмалап, бүкіл ұзын тарихта оларды тек қалмақтармен ғана соғыстырып қояды. Шаш ал десе – бас алатын, қолына пəпке, басына шəпке кигізсе мəз болған іштен шыққан сатқын, жандайшап “шолақ белсенділердің” зияны халқымызға обадан да ауыр тиген, зияны мен зардабынның шаш-етектен болғаны соншалық, əлі де құтыла алмай келеміз…