Жалаңтөс баһадүр әйтеке

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР ӘЙТЕКЕ БИДІҢ АРҒЫ АТАСЫ
Жалаңтөс тарихта болған адам. 1576 жылы Сырдарияның Арал теңізіне қияр сағасында дүниеге келген. Халқымыздың тарихында жиі айтылатын Əйтеке бидің бабасы болып келеді Біз таяуда Өзбекстанда болып қайтқан едік. Самарқант қаласының кейбір көне ғимараттарының қабырғаларына орнатылған арнайы тас плиталарға бұл ғибадатхананы салдырған Алшын Жалаңтөс Бахадур деген жазуды оқыдық. Жалаңтөс деген кім? Зəуре, Сəуле жəне Гүлім Оразбековалар. Алматы қаласы. Тарихи жазба деректер мен кейбір ауыз əдебиеті нұсқа- ларында Жалаңтөс есімі жиі кездесіп отырады: Ер Жалаңтөс ер деңіз, Елдің қамын жер деңіз. Ел шетіне жау келсе, Мен барайын дер деңіз… Жолдастарын сұрасаң, Отырарда Арыстан, Ерлердің ері данышпан, Арыстанбай аталған. Алатауда Манасты, Қонысы оның Талас-ты. Жиделі-Байсын жерінде. Қоңырат деген елінде, Алпамыс ермен сырласты… Көрұғлы сұлтан Рүстем, Олармен де белдескен, Жалаңтөске жол беріп, Шері Қыпшақ Ер дескен. Қазақ фольклоры Жалаңтөсті Манас, Алпамыс, Көрұғлы мен Рүстем секілді ортаазиялық қаһармандық эпостардың замандасы ретінде тұлғаласа, белгілі ғалым ағамыз, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ақжан Машанов Біздің Фараби деген кітабында оны Отырардан шыққан ғұлама ойшылымыздың тұстасы деп қарайды. Бұл əрине, ұшқарылау пікір болса керек. Шынында, Жалаңтөс кім? Беймəлім батырдың Самарқант қаласының көкпен тірескен көгілдір күмбезіне қандай қатысы бар? Жалаңтөс тарихта болған адам. 1576 жылы Сырдарияның Арал теңізіне қияр сағасында дүниеге келген. Халқымыздың тарихында жиі айтылатын Əйтеке бидің бабасы болып келеді. Əкесінің аты Сейітқұл. Москвада жарық көрген төрт томдық Əлемдік архитектура тарихы кітабының авторлары Жалаңтөс есіміне алшын сөзін қосып жазыпты. Оның мəнісі мынау. Батырдың руы алшын, оның ішінде Қазалы маңын мекендеген төртқара. Тарихи жазба деректерде Жалаңтөс көбіне лақап аттармен аталады: Шері Қыпшақ ер, Асад шері (асад арабша арыстан) Əсет сері. Халқымыздың тарихында Жалаңтөс есімі жиі кездесіп отырады. Белгілі ғалымымыз Əлкей Марғұланның аталарының бірінің есімі Жалаңтөс болғанын білеміз. Əсілі, Жалаңтөс деген атау батырлықты білдіретін, ешбір сауыт-саймансыз жауға атой салатын баяғының көзсіз батырларының бітімін тұлғалаудан келіп шықса керек. Бұған Жалаңтөс Сейітқұлұлының да өмірбаяны дəлел бола алады. Жалаңтөс жас кезінде жоқшылық зардабын көп тартқан жанға ұқсайды. Дінмұхаммед ханға 12 жасынан қызмет етеді. Шешендігі мен тапқырлығының арқасында жұрт көзіне ерте шалынады. Би атанады. Жалаңтөс өз заманының ірі өмірлерінің бірі болады. Жалаңтөстің өмір сүрген дəуірінен біраз кейін жазылған Тарихи-Қыпшақ кітабының авторы, Балқыдан шыққан Қыпшақхан бұл батырдың қызылбастарға жасаған жорықтарын баян етеді. Кіші жүз рулары, əсіресе алшындар Ақсақ Темір əулетінің ықпалынан босап, олардың бұрынғы астанасы Самарқантты бетке алып, феодалдық қақтығыстарды арқа тұтып, Қабыл, Мешхет, тіпті Темір əулетінің кейінгі астанасы Гератты да жаулап алу мақсатымен алыс сапарларға аттанып жүреді. Алшындардың бұл жорықтарын басқарған Сейітқұлұлы Жалаңтөс батыр еді. Жиі-жиі өткен жеңіс салтанаты Жалаңтөс иелік еткен Самарқант қаласына жан- жақтан: Үндістаннан, Ираннан, Ауғанстаннан, Қашғариядан, Хорезмнен, Жоңғариядан, Тибеттен аса қымбат тартулар келіп түсіп жататын. Бірақ бұл соғыстар баянды болмады. Өйткені дəл осы кезде 1635 жылы Қазақстанның оңтүстік-шығыс шекарасында жаңа феодалдық мемлекет Жоңғар хандығы орнады да, ол өзінің сыртқы саясатын Сырдария бойындағы қазақ қалаларын басып алуға бағытталған қантөгіс соғыстардан бастады. Қазақ халқы ұзаққа созылған ауыр жағдайға ұшырады. Жоңғарлардың қазақ қолдарымен шайқасы жиілей түсті. Зеңбірекпен қаруланған жоңғар əскері қазақ жасақшыларының қатарын жиі-жиі ойсыратып отырды. Бұл соғыстың алғашқы кезеңі қазақтарға ауыр тиеді. Əр түрлі ұлыстарға, жүзге, ұсақ хандықтарға бөлінген қазақ халқының басын қосып, оны жауға ұйымдасқан тұтас көш ретінде қарсы қою сол кездің түбегейлі саяси мəселесі еді. Біржарым ғасырға созылған қазақтың ұлт-азаттық күресін өмір тəжірибесі мол, əлеуметтік зердесі жетік, ұрыс- қағыстарда шыныққан, ел сынынан өткен Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбек, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жəнібек, Қу дауысты Құттыбай, Райымбек, Шынғожа секілді қалың бұқарадан шыққан халық ұлдары басқарғаны мəлім. Сайдың тасындай осындай ел азаматтарына бір ғасыр бұрын өмір сүрген Жалаңтөстей ағаларының ерлік ісі үлгі-өнеге болды. 1640 жылдың өзінде Жоңғар мемлекетінің негізін қалаушы Батурмен айқаста Жалаңтөс бастаған қазақ пен Орта Азия халықтарының біріккен қалың қолы тұңғыш жеңіске жетті. 1643 жылы Жетісу өңіріне баса көктеген жоңғарларды күйретуге, ол Самарқанттан 2 дұт қол жіберіп (I дұт 10000 жауынгер), қазақтардың жеңіске жетуіне жағдай жасады. Жоңғар хандығының өрлеу кезіне дəл келген осы соғыстарда Жалаңтөстің атағы алысқа кетті. Жалаңтөс атауы батырлықтың ұранына айналды. Міне, осы соғыстарда Жалаңтөс қолбасшылық қырымен танылды. Алайда, батырдың өмір жолын саралауда, оған баға беруде оның таптық тегін есте ұстаған жөн. Жалаңтөстің аса бір қадыр тұтқан ісі сəулет өнері болды. Ол өзі иелік еткен Самарқант қаласын зəулім де көз тұнарлық ғимараттармен молайта түсті. Шартараптан ағылған мол байлықты Жалаңтөс Самарқантты қайта салуға, жаңа медреселер мен мешіттер, моншалар мен керуен сарайлар, жолдар мен арықтар салуға жұмсады. Жалаңтөс Əмір-Темірдің немересі Ұлықбектің сəулет өнеріндегі үлгісін өнеге тұтты. Жалаңтөстің тікелей басшылық етуімен салынған Шери-Дор (Арыстан қақпа) медресесі 1620 жылы басталып, 1636 жылы бітті. Шери-Дор медресесі 14171420 жылдары Ұлықбектің Регистан алаңына бой түзеген медресесінің негізгі идеясын өрбіту, толықтыру барысында дүниеге келді. Ұлықбек идеясына еліктеу осы Шери-Дор медресесінен анық байқалып отырады. Медресенің қасбеті (порталы) заңғар иықты, мұнаралары түзу де биік, күмбезі дөңгелек барабанға орнатылған. Ұлықбек медресесінің негізгі архитектуралық бөліктері ұтымды қолданылып, қарама-қарсы қойылған екі медресенің ұқсастығы үйлесім тапқан. Сонымен бірге осы құрылыстар ортаазиялық сəулет өнеріне біршама жаңалықтар да енгізді. Бұл жаңалықтар көбіне медресе қабырғаларын безендіру үлгісі мен қолданған материалдарынан біршама анық байқалады. Мəселен, Шери-Дор медресесінің кіре беріс қақпасының маңдайшасы (қасбетінің) хайуанаттар бейнесімен əшекейленді, Жалаңтөстің бұйрығы бойынша қақпа порталына (қасбетіне) жолбарыстың, еліктің жəне адам тəріздес күн бейнесі салынған. Бұлар əрине, ислам дініне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, Қызылқұм мен Маңғыстауды мекендеген оғыздар мен маңғыттардан мирас болып қалған көшпелілердің безендіру дəстүрі (жолбарыс пен елік рулық тотемдер, ал дөңгеленіп, шапақ шашқан күн бейнесі бүкіл көшпелілерге ортақ құдай- тəңірінің белгісі) екеніне дау айту да қиын. Жалаңтөстің басшылығымен салынған көп ғимараттардың тағы бірі Тилля Кари (алтынмен қапталған). Оны салу 1646 жылдан 1660 жылға дейін созылды. Шери-Дордан 10 жыл кейін басталған бұл медресені салу барысында Жалаңтөс тағы да Ұлықбектің 1418 жылы Бұқара шаһарында тұрғызған медресесінің конструкциясын үлгі тұтты. Тилля Каридің салынуымен Самарқант орталығы тұтастық сипат алды. Бұл медресе Ұлықбек медресесі мен Шери-Дордың арасындағы ескі Мирзои керуен сарайының орнына түсті. Үш үлкен медресе шоғырланған кең алаң өте қарапайым сызықтармен геометриялық фигуралар құрап, көздің жауын аларлықтай архитектуралық образ тудырды. Шери-Дор мен Ұлықбек медреселерінің фасадтары шаршы фигура құрады, олардың биіктігі алаңның еніне тең. Міне, осылайша салтанат түзеген Регистан алаңы XVIXVII ғасырларда Орта Азия қала салу өнерінің ғажап туындысы болды. Қазіргі кезде туризм орталықтарының біріне айналған Самарқанттың дəстүрлі бейнесін Жалаңтөстің басшылығымен салынған ғимараттар да көркейтіп тұр. Олардың қақпаларына: Ғимаратты салдырған Алшын Жалаңтөс бахадур деген жазуы бар тас тақтайшалар ілінген. Апалы-сіңлілі Оразбековаларға сауал тудырған осы тақтайшалар. Бұл ғимараттар үкімет қамқорлығында, көбі Өзбек ССР мəдениет ескерткіштерін қорғау қоғамына тіркелген. Орта Азия сəулет өнерінің дамуына Қазақстанның қыратты далаларын мекен еткен көшпелі халықтар да игі ықпал еткен. Бұл ықпал Жалаңтөс салдырған мұралармен шектелмейді. Шахи-Зинда зираттар комплексіне мұрындық болған да көшпелілердің кеңістіктік- эстетикалық талғамы екені аян. Күмбезді архитектураның идеялық негізі мимезис, космосқа еліктеу, ғарыштық кеңістіктің бітіміне еліктеуден туады. Күмбездің алғашқы варианттары ертедегі жəне ортағасырлық көшпелілердің сырт пішіні жағынан төңкерілген аспанды бейнелейтін қорғандары. Қорған көшпелі халықтардың материалдық мəдениетінің айнымас белгісі. Күмбезді үй құрылысы Евразия көшпелілері үшін ежелден белгілі тəсіл. Ұлы грек ақыны Гомер (б. з. б. IX ғ.) өзінің дастандарында көшпелі скиф халықтарының тұрмыс ерекшеліктерін жырлағанда, күмбезбен көмкерілген киіз үйлерде тұратынын, қымыз ішетінін (гиппокологи) жазады. Орталық Қазақстан үшін тастан өрілген күмбез біздің эрамызға дейінгі IVV ғасырларда болғаны белгілі. Оған дəлел Қарағанды облысының Бесоба совхозының территориясында ашылып, 1970 жылы академик А. X. Марғұлан зерттеген Шапқан-төбе қорғанынан табылған күмбезді үйі. Жалаңтөстің жоңғарлардың шабуылына байланысты жорыққа жиі шығуына орай Тилля кари ойдағыдай аяқталмай қалды. 1656 жылы Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы 80 жасында дүние салды. Сүйегі Самарқант қаласынан 12 шақырым жерде, Дағбит қыстауында (Қазақ Совет энциклопедиясы, 4-том). Жалаңтөс ұрпақтары қазір де бар. Соның бірі Ораз Баймұрзаев, Жалаңтөс бабасының жолын мирас еткен сəулетші, Алматы қаласының бас архитекторы, Казақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақтың М. Əуезов атындағы академиялық драма театры үйінің авторы, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты. Қазақ əдебиеті. 7 қазан 1988 ж.